Конституция күні қарсаңында Екібастұзда 48 отбасы жаңа қоныс тойын атап өтті

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Конституция күні қарсаңында екібастұздық 48 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Бұл тұрғын үй бағдарламасы бойынша көміршілер мен энергетиктер  қаласында салынған жалға берілетн (коммуналдық) екінші үй - бұдан жарты жыл бұрын алтықабатты заманауи үйдің салынуы ұзаққа созылып кеткен еді. Жаңа қоныс иелері - кезекте тұрған зейтнеткерлер, жетімдер мен тұрмысы төмен отбасылар және мемлекеттік қызметкерлер.

«Ұлы мерекелердің қарсаңында жаңа үйлерді тапсыру игі дәстүрге айналды, - деді Б.Сағынтаев,  - Мемлекет басшысының тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, біз өткен жылы басталған облыс қалаларындағы барлық үйлерді тұрғыздық».