Жиналысқа мемлекеттiк қызметтiң белгiлi ардагерлерi шақырылды. Олар тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуының алғашқы жылдарын еске алып, бiздiң қоғам мен мемлекеттің өмiріндегi Конституцияның орны мен рөлi туралы өз пiкiрлерімен бөлісті.
Мәселен, ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару институтының директоры Зинаида Федотова Қазақстан Республикасында конституционализмның қалыптасуы туралы әңгiмелеп берді.
ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Әдiл сот институты Мемлекеттiк құрылыс және құқық кафедрасының меңгерушiсi Николай Акуев Қазақстанның конституциялық тәжiрибесiн шет елдердiң қолдануы жайлы сыр шертсе, ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Төлеутай Сүлейменов Қазақстан мен дүниежүзілiк қауымдастық арасындағы халықаралық қатынастардың қалыптасу мен даму кезеңдері туралы өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, осы күні ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Ә.Бәйменовтың бұйрығымен Агенттiктiң Алматы қаласы және Қостанай облысы бойынша басқармаларының бастықтары - Тәртiптiк кеңес төрағалары Мағжан Қасымов пен Әбдiмаш Мамешовқа мемлекеттiк қызметтегі көп жылғы еңбегі үшін алғыс жарияланды.