Акция мақсаты - қарияларды Қазақстан Республикасының Ата Заң күнімен құттықтау.
Іс-шара аясында Астана қаласының ҚХА этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтеді. «Сонымен қатар, мерекеде қарттарды ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Астана қаласы ҚХА хатшылығы мен этномәдени бірлестіктер басшылыры құттықтайды», делінген хабарламада.