«Конституция - тәуелсіз Қазақстанның орнықты және қауіпсіз дамуының негізі» - Өскемендегі конференция
14:12, 15 Қыркүйек 2010
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Барлығымыз Конституция бойынша өмір сүруміз қажет және оны әдетке айналдыруымыз керек. Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов бүгін Өскеменде «Конституция - тәуелсіз Қазақстанның орнықты және қауіпсіз дамуының негізі» деген тақырыпта ашылған конференцияда осылай деді.
«Конституцияны білу үшін, азаматтардың бойында оның нормалары мен қағидаларына сәйкес өмір сүру қажеттілігін және ниетін қалыптастыру, оны іс жүзінде еліміздің Ата заңы деп санау керек», деді Игорь Рогов өз сөзінде.
Форум жұмысынан кейін ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговқа «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағын беру туралы» университеттің ғылыми кеңесінің шешімі жария етілді. Одан кейін университет жанындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы кабинетінің ашылу рәсімі өтті.