Конституциялық кеңес «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның конституцияға сәйкестігін тексеруге кірісті

АСТАНА 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Конституциялық кеңес мүшелері Парламент Мәжілісі қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын арнайы отырыста қарады.

ҚР Парламент және Сенат Мәжілісі, ҚР Әділет министрлігі, Жоғарғы сот, Орталық сайлау комиссиясы, Бас прокуратура, қоғамдық ұйымдар мен заңгер-сарапшыларының қатысуымен өткен отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды жан-жақты талқылап, аталған құжаттың Ата Заңымыз - Конститутцияға толығымен сай екендігі бірауыздан шешілді. Отырыс соңында сөз сөйлеген ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов бүгіннен бастап кеңес мүшелерінің аталған мәселе бойынша өзара кеңесуге кірісетіндігін мәлім етіп: "Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан кеңестің нәтижесі бойынша шығарылатын қорытынды құжаттың қай уақытта дайын дайын болатынын біз алдын ала хабарлайтын боламыз», - деді.