Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Б. Сыздықовтың айтуынша, мұндай ірі экономикалық қадамдар жасауға Елбасы бастама көтерген конституциялық реформа кең мүмкіндіктер береді.
«Елорда аумағында АХҚО құру және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету Конституцияның 2-бабын 3-1 тармағымен толықтыруға байланысты. Оған сәйкес, «Астана қаласының аумағында конституциялық заңға сәйкес, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим орнатылуы мүмкін», - дейді маман.
ҚСЗИ ғылыми қызметкерінің сөзіне қарағанда, АХҚО бағалы қағаздар, банк, сақтандыру қызметтері нарықтарын, исламдық қаржыландыру нарығын дамыту арқылы шетелдік инвестицияларды тартудың қуатты құралына айналады.