Оның айтуынша, билік өкілеттіктерін қайта бөлу реформасы ол уақыт талабы жəне дер кезінде қолға алынып отырған маңызды əрі тағдыршешті қадам.
«Біздің университет ұжымы да Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі Үндеуін зейін қоя тыңдадық. Бірінші кезекте бұл Үндеу Қазақстан халқына жəне біздің əрқайсымызға бағытталған. Оның мəні - елімізді алдағы уақытта елеулі өзгерістердің күтіп тұрғандығы. Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бергелі отыр. Бұл мені бір жағынан қуантса, бір жағынан ойландырып тастады. Өйткені, Конституциялық реформалар Парламент қана емес, əр деңгейдегі мəслихат депутаттарына да зор жауапкершілік жүктейді", дейді М.Елубаев
Бұдан бөлек ректор билік тармақтарын қайта бөлумен жергілікті атқарушы органдардың да Парламент алдындағы жауапкершілігі күшейетініне сенім артып отыр.
"Осыған дейін жергілікті атқарушы органдар ешқашан Парламентке есеп берген емес жəне оны ойлаған да емес. Жаңа өзгерістер ендігі арада сайлаушылардың мəселелерін шешуге де оң ықпал етеді. Елбасы бұл түзетулерді Үкімет Парламентке қабылдау үшін үстіміздегі сессияның аяғына дейін басым ретпен өткізетіндігін айтты. Яғни, өзгертулер 2017 жылдың маусымына дейін рет-ретімен барлық сатыдан өтіп, көзделген мерзімде қабылданатынына сенім мол. Ал, жалпы реформаның түп негізіне үңілетін болсақ, бұл құжат Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін барынша күшейтіп, Министрлер кабинетінің жауапкершілігін арттырады", деп сөзін түйіндеді ректор.