Конституциямыз бірлігіміздің мызғымастығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Еліміздің жеткен жетісігі мен алған белесі осы тұғырлы Констиуцияның арқасында мүмкін болды.

Оны бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов Алматыдағы Абай алаңында Конституция мерекесіне арналған меркелік шарадағы құттықтауында айтты.

«Бүгін бармашыз үшін мерейлі күн. Егемен еліміздің төл Конституциясы - Ата заңымыздың қабылданғанына 17 жыл толды. Өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидаларын толық қамтитын Конституциямыз бірлігіміздің мызғымастығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Осындай әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болып, жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, бүгінде әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алған, экономикалық, әлеуметтік күш-қуаты өркен жайған отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік, Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі болып табылады. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Конституция Қазақ елінің өркендеуі  мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі  еріксіз еске түседі.