Конституция күні: демалыс күндері қалай белгіленді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар Конституция күнінде тағы бір күн демалады.
Биыл Конституция күнінде қазақстандықтар қалай демалады?
Бес күндік жұмыс режимінде жұмыс істейтіндер Конституция күніне орай үш күн демалады.
2025 жылы 30 тамыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, бұл күннің демалысы дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Осылайша, 2025 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін жалпы саны 10 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің кестесі мынадай болады:
30, 31 тамыз және 1 қыркүйек — демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар да 30 тамыз, сенбі күні қосымша демалады. Демалыс күндері мынадай болады: 30 және 31 тамыз — демалыс, 1 қыркүйек — жұмыс күні.
Сәйкесінше, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында барлығы 6 күн демалады.