Конституция күні: тамыз айының соңында қазақстандықтар қалай демалады
18:50, 14 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 30 тамыз – басты мемлекеттік мерекелердің бірі Конституция күні аталып өтеді.
2025 жылы бұл күн сенбіге сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күні ауыстырылатындықтан, қосымша бір күн 1 қыркүйек, дүйсенбі – демалыс болады.
Демалыс кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасы: 30 және 31 тамыз – демалыс, 1 қыркүйек – жұмыс күні.
Айта кетелік демалыс күндері Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.