Облыста ҚР Конституциясы күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға елу мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Аймақта алты мерекеге орай жекелеген санатқа жататын тұрғындарға түрлі көлемде біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі. Атап айтқанда, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні, 30 тамыз — Конституция күні, 25 қазан — Республика күні және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай облыс тұрғындарына әлеуметтік төлемдер жыл сайын беріледі, — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиева.
Бұдан бұрын елордадағы Тұңғыш Президент музейінде Конституция күні қарсаңында ерекше көрме ашылғанын жаздық.