Конституция жобасы тұрғын үйге қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейтеді

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда тұрғын үйге қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейтеді.

Республикалық басылымдарды жарияланған жаңа Конституция жобасының 28-бабы 1-тармағында «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға және шығарып жіберуге жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi», — делінген.

Айта кетерлігі, қазіргі қолданыстағы Ата заңның 25-бабы 1-тармағында да тұрғын үйге қол сұғылмаушылығы нақты жазылған. Бірақ жаңа редакцияда ол стильдік тұрғыда жатық жазылып, сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жібермеуге де болмайтындығы анық көрсетілген.

Сонымен қатар қолданыстағы Конституцияның жоғарыда аталған бабының 2-тармағында заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берілетіндігі көрсетілген.

Ал референдумға шығарылып отырған жобада бұл норма «Тұрғын үй соған мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санаттарына заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi» деп нақтыланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция жобасын сот шешімінсіз «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға» да жол берілмейді деп толықтырған жөн екенін айтқан еді.