Конституция жобасынан Құрылтайдың комитеттері мен комиссияларын құруға қатысты тармақ алынып тасталады

АСТАНА. KAZINFORM – Конституция жобасынан Құрылтайдың комитеттері мен комиссияларын құруға қатысты тармақ алынып тасталады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

Фото: видеодан салынған скрин

- Кей өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастау ұсынылады. Аталған тармаққа сәйкес, «комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады» деп бекітілген еді. Қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметіне қатысты мәселелер «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттері мен комиссиялары туралы» заңмен, Парламент және оның палаталарының регалменттерімен реттеледі. Бұл түзету аталған мәселелерді құқықтық реттеу деңгейін көтеріп, контитуциялық заң аясында қамтуға мүмкіндік береді,- деді Бақыт Нұрмұханов.

Бұған дейін волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітілетінін жазған едік.