Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру үздіксіз жүріп жатыр

Фото: Конституциялық сот

АСТАНА. KAZINFORM – Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

- Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Жұмыс топтары құқықтық нормалардың тұжырымдарын оңтайландыру және олардың мазмұнын баршаға түсінікті ету мақсатында қажетті шаралар қабылдап отыр. Терминдік және семантикалық бірізділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр. Осылайша, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі бөлімдерінің мамандары, Коституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамы, жаңа Ата заң мәтіні жобасына жұмылдырылған лингвист мамандар тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде редакциялық, стилистикалық түзетулер жүргізілді, - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай түзетулер бірнеше нормаға енгізілген.

- Мысалы, Преамбулада «Ұлы даланың мың жылдық сабақтастығын сақтап» деген сөздер «Ұлы даланың мыңдаған жылдық сабақтастығын сақтап деп өзгертілді. Мәтін бойынша «неприкосновенность» термині сан рет кездеседі. Қазақ тілінде ол «қол сұқпау», «қол сұғылмауышылық» деп алынып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов.

Бұған дейін волонтерлік қызмет конституциялық деңгейде бекітілетінін жазған едік.