Конституцияда Конституциялық соттың мәртебесін бекіту қажет – Әділет министрі

Фото: Конституциялық Сот

АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияда Конституциялық соттың мәртебесін бекіту қажет. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

- Конституцияның тиісті бөлімінде Конституциялық соттың қызметін реттеу аясында оның конституциялық бақылаудың жоғары органы ретіндегі мәртебесін бекіту қажет. Осыған байланысты Конституцияның 71-бабында «Конституциялық сот ол конституциялық бақылау жүргізетін және бүкіл ел аумағындағы Конституция үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган» деп бекітілуі тиіс. Сонымен қатар Конституцияның 71-бабында «Конституциялық сотының төрағасы өкілеттік мерзімі ішінде бір мезгілде Констиуциялық соттың төрағасы болып табылады» деп нақтыланады, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұған дейін Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында заң шығару бастамасы бар органдар саны артатынын айтты.