Конституциялық реформа: Халық кеңесі референдум өткізуге бастама көтере алады
АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Халық кеңесіне республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығы берілетінін мәлім етті.
– Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау өкілеттіктері белгіленді, - деді ол.
Айтуынша, бұл Конституцияға Қазақстан Халық кеңесіне қатысты мәселелерді реттейтін жеке бөлім ұсынуды қажет етеді.
– Құрамына ел азаматтары кіретін бұл жоғары консультативтік орган Қазақстан халқының мүддесін білдіреді, - деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Жалпы Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтқанын мына сілтеме арқылы оқуға болады.