Конституциялық реформалар Қазақстан болашағының берік негізі — Ақылбек Күрішбаев

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталды. 

Оның айтуынша, жаһандық тұрақсыздық жағдайында заңнамалық базаны жаңарту мемлекеттілікті нығайту және ұлттық мүдделерді қорғау үшін қажет.

— Қазіргі болып жатқан Конституциялық өзгерістердің себебі неде? Өзгерістердің логикасы неде? Жаһандық өзгерістер, халықаралық стандарттар, құндылықтар өзгеріп жатқан кезеңде Қазақстан мықты жүйе құру керек. Мықты мемлекеттік жүйе құру үшін заңдар өзгеру керек. Заңдар мықты болу керек. Соның ішінде бірінші кезекте — Ата заңымыз. Осыған байланысты үлкен өзгерістер бар. Бұл елдің ертеңін ойлайтын мемлекеттің іс-қимылы деп білуге болады, — деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев. 

Айта кетелік Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді.