Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді
11:03, 24 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді.
Бұл туралы бүгін өзінің Telegram-дағы парақшасында ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлі етті.
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: consot_kz constcouncil.kz Конституциялық реформа 2026 Jibek Joly 24KZ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Тікелей эфир сағат 14:00-де басталады.