Ондағы мәліметтерге қарағанда, өтініш берушінің пікірінше, мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтардың құқықтық жағдайында айырмашылық туғызуы мүмкін.
Іс материалдарын зерделеу нәтижесінде Конституциялық Сот дау тудырып отырған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады. Заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың бірыңғай шарттары белгіленген және тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар адамдар тобына шектеу қойылмаған.
-Өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығының бұзылғаны туралы уәждері де расталмады. Оның заңды соттардың дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына баға беру туралы талабы Конституциялық Соттың өкілеттігіне жатпайды. Осылайша, өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдауға негіздер анықталған жоқ,-делінген хабарламада.
Осыған дейін банкроттықты рәсімдеу процесі жеңілдетілгені туралы жаздық.