- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Конституциялық заң Алатау қаласын дамытудың арнайы құқықтық негізін қалыптастырып, елімізде бұрын қолданылмаған тәсілдерді қамтиды. Бұл бастама қала алдында жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. Әрине, олар Алатаудың дамуына, жаңа деңгейге шығуына ықпал ететіндігі сөзсіз, - деді Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Осы ретте «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңды қарау және қабылдау барысында белсенді жұмыс істеген Парламент палаталарының бірлескен комиссиясына, барлық депутатқа, сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат аппаратының қолдауына ризашылығын білдірді.
- Сіздердің ұсыныстарыңыз құжатты сапасын одан ары жетілдіруге мүмкіндік берді, - деді вице-премьер.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы Конституциялық заңды қабылданды.