- Ілінбейді. Біз қазір ғана депутаттармен жол-көлік оқиғасы бойынша сотталғандардың рақымшылыққа іліну мәселесін талқыладық. Депутаттар абайсызда адам өлімімен аяқталған көлік апатына кінәлі деп танылған адамдарға рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы сұрады. Заң жобасын әзірлеушілер адам өліміне әкелген қылмыстың ешбірі рақымшылыққа ілінбеу керек деп отыр, - деді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, 5 маусымда азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін түрмеде отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев балаларына төлейтін алименттің көлемін азайту туралы өтінішпен сотқа жүгінгені мәлім болған. Сот бұрынғы министрдің талабын қанағаттандырудан бас тартты.