Конституцияның 30 жылдығы: жаңа коллекциялық монеталар сатылымға шығады
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлады.
Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы –31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Айта кетейік, Қазақстанда күмістен жасалған коллекциялық монета пайда болды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын сатылымға шығара бастайды.