Контадор «Астанаға» қайта келуі мүмкін - А.Винокуров

None
ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Белгілі испаниялық велошабандоз Альберто Контадор 2013 жылы «Астана» командасына қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров мәлімеді.

«Астана» командасын басқарған кезде мен Джузеппе Мартинеледің тәжірибесіне жүгінемін. Өз басым осы кісінің қолдауына сенемін. Бәлкім, 2013 жылы Контадор «Астана» командасына оралады. Оның қайта келуге ниеті бар. «Тур де Франстан» кейін мен онымен кездескен болатынмын. Сол кезде ол «Астанаға» оралуға қарсы емес екендігін білдірді», - дейді А.Винокуров.