Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қораптың ішінде белгісіз біреулер контрабандалық жолмен Өзбекстан аумағына қарай алып өтпек болған, жалпы салмағы 8 кг болатын, әрқайсысы 250 мг-дық 5 ампуладан тұратын 140 пачка, венаға құятын ерітінді - Эсенциале Н. дәрісі табылды. Иесіз контрабандалық затты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне тапсыру жоспарлануда.