Естеріңізге сала кетсек, 1971 жылы туылған азамат қарашаның 30-ы күні Алматы Халықаралық әуежайында «Алматы -Шарджа» бағыты бойынша №254 рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында ұсталған болатын.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тәркіленген сұңқарлар өздері мекен ететін Алматы облысының Іле мен Күрті аймағына жіберілді. Акцияны ұйымдастырушылар - Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.