деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараны өткізудің мақсаты зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және ескертуге бағытталған, құқықты насихаттау арқылы зияткерлік меншік саласындағы мәселелерге көпшіліктің назарын аудару болып табылады.
Іс-шара барысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы түсіндіру үшін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістік күн, құқық иеленушілердің, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілердің қатысуымен семинарлар, «дөңгелек үстелдер», бейнеконференциялар және суретшілермен кездесулер өткізу жоспарлануда.
Жарнамалық теледидарлық тақталарда, телеарналарда зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды насихаттау бойынша әлеуметтік бейнероликтер, билбордтар, пилондар және плакаттар орналастырылып, жарияланады. Комитетте және аумақтық әділет органдарында авторлар, өнертапқыштар және құқық иеленушілер үшін «Ашық есік күні» өтеді.
Іс-шара аясында Алматы және Петропавл қалаларында «қарақшылық өнімдерді» жою акциялары ұйымдастырылады.