«Контрафакт» шарасы барысында лицензиясы жоқ 47 DVD-дискі мен 300 аудиокассета анықталды

None
АҚТӨБЕ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2009 жылғы мамырдың 13-мен 16-сы аралығында көліктегі Батыс ІІД қызмет көрсететін аумақта «Контрафакт» шұғыл алдын алу шарасы өткізіліп, онда заңсыз айналымдағы лицензиясы жоқ 47 DVD дискісі мен 300 аудиокассета тәркіленді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көліктегі Батыс ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл шара өткізу барысында 3 факті анықталған. Мәселен, көліктегі Батыс ІІД полициясы қызметкерлері № 23-ші «Алматы-Ақтөбе» жүрдек пойызының жүк бөлімінен лицензиясы жоқ бір партия аудиокассетаны тапты. Тауарды қабылдап алушы 46 жастағы Ақтөбе азаматынан 300-ге тарта аудиокассетаның иесі екендігін растайтын ешқандай құжат табылмаған. Бүгінгі күнде орын алған фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, сот-сараптау жұмыстары белгіленді.