Конверт дауы: Ақтөбеде тексерудің алғашқы нәтижесі белгілі болды

Фото: Фото: ҚазАқпарат

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязов конверт беріп, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісі деген адамның оны алып жатқан видеосы тарап, тексеру жүрді. Әзірге нәтижесі толық дайын емес.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ыконверт дауына қатысты тексеру жүргізді. Алайда әлі күнге дейін тұщымды жауабы жоқ. 

— Осы факті бойынша акционерлік қоғамның комплаенс-қызметімен қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Тексеру аясында қызметкерлерден түсініктемелер алынды. Құзырет шегінде барлық мән-жайлар зерделенді. Осы тексеру нәтижелері бойынша барлық сыйақы еңбек заңнамасы аясында берілгені анықталды. Бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталған жоқ, яғни шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, тексерулерді басқа да мемлекеттік органдар жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Оның нәтижелері туралы қосымша айтылады, — деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нарек Гегамян. 

Еске салсақ, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісі деген адамның бұған дейін әкімдікте қызмет екені анықталды. Әкім орынбасары бұл жағдайға қатысты қандай да бір түсінік бермеді.