Жұбайының ашуына түнгі ауысымға жұмысқа кеткен зайыбының телефон шалуы кезінде тұтқаны алмағаны себеп болды. Ер адам оны кешіре алмай, таңертең жұмысына келіп, кеңсе бөлмесінде отырған әйелін қабырғаға тіреп, бетінен тістеп алды. Алайда оқиға онымен аяқталған жоқ, ашу буған азамат әйелдің мұрнын шайнап, жұтып қойды. Сондай-ақ зайыбына айқай салып, оның телефон қоңырауларына ұзақ уақыт жауап бермегеніне өте ашулы екенін айтты, деп жазады қытайлық "Жэньминь жибао" басылымы.
Қазіргі кезде әйел ауруханада жатыр. Полиция оқиға орнынан қашып кеткен ашушаң ер адамды іздестіруде.