Ол «2011-2015 жылдар аралығында ел астанасының Фрунзе ауданы аумағында ұялы телефон ұрлады» деп айыпталып отыр. Жігіт көшедегі адамдарға келіп қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрайды, құрылғы қолына тиісімен қашып кететін болған.
Тәртіп сақшыларының айтуына қарағанда, айыпталушы ұялы телефоннан басқа да заттарды да алаяқтықпен иемденіп кететін болған. «Желаяқ» бұған дейінде аталған айып бойынша сотталған.