Кооперативтер жұмысы жанданып келеді
17:37, 13 Қаңтар 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауданындағы үш мыңнан астам мүшесі бар 18 селолық тұтынушылар кооперативтерінің жұмысы жанданып келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кооперативтердің жұмысын алға апару мақсатында 2005 жылы 16 млн. 750 мың теңге бөлінсе, биыл бұл бағыттағы қаржылық қолдау мөлшері екі есеге артпақ. Мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықтың нәтижесінде 10 құрылымның ісі ілгері басып, тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр.