Азадүр-Рахман есімді мұсылман бауырымен бірге Бангладеш астанасы - Дакка қаласындағы көп қабатты үйдің шатырында сиыр асырап отыр. Бұл жайында IslamNews ақпарат көзі хабар таратты. Көп қабатты тұрғын үйдің шатырында қора тұрғызған. Рахманның айтуынша, жаздың аптап ыстығынан сиырды қорғау үшін желдеткішті қосады екен. Зеңгі баба тұқымына су мен жемді бауыры екеуі кезектесіп жеткізеді. Баспалдақпен. Оның сүтін жергілікті тұрғындарға сатады, деп жазады ислам.кз.