«Соңғы 15 жылдан бері елімізде халықаралық стандарттарды енгізуге үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бұл тұрғыда 6 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізді. Оның ішінде тек қана өндіріс емес, білім мен ғылым саласы, қаржы секторы, денсаулық сақтау секілді бағыттардағы көптеген кәсіпорындар тарапынан қызығушылық бар. Олардың мақсаты - осы бәсекелестікке түсу мен қамтамасыз ету, тұрақты дамуға көшу», - деді А. Әбдірахманов.
Ғалымның сөзіне қарағанда, форум аясында халықаралық тәжірибені көпшілікке жеткізуге мәселесіне екпін қойылады. Сонымен еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың тәжірибесі таныстырылады.
«Себебі, көп жерде басшылар халықаралық стандарттар мен жаңа тәсілдердің мағынасын түсіне бермейді. Сол себептен бұл мәселелерді іс жүзінде шешуге мән беруіміз керек. Осы бағытта түрлі елдерден бұл саланың мамандарымен телекөпірлер өткізудеміз», - деді А. Әбдірахманов.