Көп пәтерлі үйлердегі жаңғырту жұмыстарынан кейін жылуға үнемдеу 40 пайызға дейін жетеді - Төлеутай Рахымбеков

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Көп пәтерлі үйлердегі жаңғырту жұмыстарынан кейін жылу үшін төлеуден үнемделген қаржы 40 пайызға дейін жетіп жығылады. Бұл жайында бүгін Астанада тұрғын үй коммуналдық шарушалығын жаңғырту бағытындағы энергия үнемдеу мәселелері бойынша республикалық конференцияда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков айтты.

«Үйлерді жаңғырту мен жөндеу жұмыстары барша тұрғындардың мүддесіне байланысты. Сондықтан да ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі буыны ретінде пәтер иелерінің пікірі болуы тиіс. Ал жөндеу жұмыстарының қажеттілігі жөнінде оларды көндіру үшін, алдымен ауқымды насихаттау әрі түсіндіру шаралары атқарылуы қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары жүргізілген көп пәтерлі үйлердің тұрғындары жылу үшін төлем кезіндегі үнемдеуді байқап отыр. Қазақстанда бұл үнемдеу 40 пайызға жетіп отырған көрінеді.