Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МҚСМК) 35-мәжілісінде айтылды.
"ТМД-ның тиімділігі, оның ішкі мәселелер және пайдаланылмаған мүмкіндіктері туралы әртүрлі пікірлер бар. Осыған қарамастан қазіргі таңда ТМД-ның жағымды рөлін әлемдік барлық қауымдастық мойындады. Өткен 20 жыл ТМД-да серіктестікті нығайту әр мемлекеттік ұлттық мүддесіне және жалпы ынтымақтастығына сай екенін көрсетті. ТМД мен оның органдарының экономикалық саладағы қызметі қажетті экономикалық реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді", - деді МҚСМК Хатшылығының жетекшісі Азам Усманов. Оның айтуынша, ғаламдық дағдарыс 2008-2009 жылдары ТМД елдерінің экономикасына үлкен ықпал етті. Жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп өнімі, инвестиция, жүк айналымының азаюы барлық елде байқалды. 2011 жылы экономикалық ахуал қайта жолға қойылуда. Іскерлік байланыстар жанданып, экспортқа бағытталған салалар қарқынды дамуда.
"Алғашқы жартыжылдықта жалпы ішкі өнім орта есеппен 4,2 пайызға ұлғайды. Оның өсуі барлық елде байқалды. Алайда дағдарысқа дейінгі деңгейіне әлі жеткен жоқ. Инвестиция көлемі мен оның өсу қарқыны экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге әлі жеткіліксіз. Инновациялық шығыстар аз және достастық елдеріндегі көптеген өнімдер бәсекелестікке қабілетсіз", - дейді Азам Усманов.