«Халықтың мәжбүрлі түрде несие алу жағдайына Үкімет назарын аударғымыз келеді. Бүгінгі таңда банктер, шағын несиелік ұйымдар және онлайн-несиелік компаниялар халықты несиелендіру үрдісін қарқынды жүргізіп жатыр», - деді депутат Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында.
Сонымен қатар ол онлайн-несиелендіру де қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оны ешкім реттемейді. Бұл займдар бойынша сыйақы өте жоғары, жылдық үстемақы да тым жоғары болып отыр.
«Бұл ретте пайыздық талаптары тым жоғары, бірақ адамдар оны алуға мәжбүр. Көп жағдайда жаңа несие ескі несиені жабу үшін алынады. Біз халықты қайтара алмайтын қарызға батыруға қарсымыз. Осыған орай, уақыт оздырмай несиелендіру нарығында азаматтарымыздың құқығын қорғау бойынша кешенді шара қабылдау қажет деп санаймыз», - деп түйді Айқын Қоңыров.