КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда көлде балық аулап отырған 67 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіне, оқиға бүгін түске дейін Қопа көлінде болған. 1952 жылғы балықшының мұздың астына түсіп кеткенін құтқарушылар көріп қалған.
«Құтқару жасағының қызметкерлері мұз ойылып суға батып бара жатқан ер адамды көріп, жағаға алып шықты. Құтқарушылар ер адамның қан қысымын тексерді. Балықшының жағдай жақсы», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.