«23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.
ҚТЖ-да болған оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылды», - делінген компания мәліметінде.