Мемлекет басшысы әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар жақын арада мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажеттігін тапсырды.
«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.
Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.
Айта кетейік, кеңеске Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
14:26, 06 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек - Нұрсұлтан Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.