Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуға Павлодар облысында 235,5 млн теңге бөлінеді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 235,5 млн теңге бөлу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұз және Ақсу қалаларында 14 тұрғын үйдің құрылысы басталды. остық және Сарыарқа шағын аудандарында бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылысы үшін жобалық құжаттама әзірленді. Сондай-ақ, Павлодарда адам тұрмайтын ғимараттар қалпына келтіріледі. Аймақ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын сақтау үшін спортты дамытуға 1 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде 780,6 млн теңге Павлодар қаласында солтүстік өндірістік аумақта спорттық құрылыстарға инженерлік коммуникацияларды тарту үшін және футбол мен хоккейді дамытуға 191,2 млн теңге бағытталады», - деді облыстық мәслихаттың сессиясында Өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.


Бұдан басқа, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамту үшін қосымша 330 млн теңге қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді орта құру және жарымжан жандар мен егде жастағы адамдар үшін паллиативті көмекті кеңейту туралы сұрақтар қолдау тапқан.


«Жыл басында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында шаралар қабылданды. Бұл санаттағы оқушылардың бір бөлігі тегін тамақтанумен қамтылған болса, енді тағы 1500-ден астам оқушы қосылады. Биыл Екібастұз және Ақсу қалаларында 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазіргі таңда «Нұрлы Ертіс» бағдарламасын жүзеге асыру қолдау тапқаны белгілі. Жұмыс күші артық және Нұр-Сұлтан қалаларынан көпбалалы отбасылар қоныс аударады. Облыс орталығында адам тұрмайтын ғимараттар пәтер ретінде қалыпқа келтіріледі. Қалқаман, Солнечный кентіндегі және аудан орталықтарындағы аяқталмаған құрылыстар соңына жеткізіледі», - деп атап өтті облыс әкімі Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар