Ведомствоның мәліметінше, 15 тамыздан бастап, бүгінге дейін Көкшетау қаласында өрт қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.
«ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі мен Көкшетау қалалық ТЖБ қызметкерлері бірлесіп, жеке тұрғын үйлердің аралауда. Бірінші кезекте ыс иісін анықтайтын датчиктерді көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне орнатылуда. Сондай-ақ, олармен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кету керек, Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының дерегі бойынша жылу маусымы кезінде адам өлімі негізінен пештен, ыс тиуден болады. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 2018-2019 жылдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлерге ыс иісін анықтайтын 48 датчик орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 15-ін орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар әкімдікпен бірлесіп атқарылуда.