Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалар бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсырды.
«Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын»,- деді Елбасы.
11:49, 27 Ақпан 2019
Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатыл алу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.