«Бүгінде әкімдіктерде 487 мың адам пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде 28 мың адамға Мемлекет басшысының тапсырмасымен 7 жылдың ішінде 42 мың пәтер салуымыз керек. Бұл, жылына 6 мың пәтерден салу деген сөз. Оған жылына 50 млрд теңге қаражат бөлінеді. 60 шаршы метрді құрайтын пәтердің болжамды бағасы 8 млн 400 теңгені құрайды. 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден есептелінеді. Егер одан жоғары болса, жергілікті бюджеттен өтеледі», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
Оның атап өтуінше, бүгінде әкімдікте пәтер кезегінде көпбалалы аналарлармен қатар мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер де тұр.