Копенгаген әлемдегі ең бақытты қала деп танылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл Лондондағы Өмір сапасы институты жасаған жаңа рейтинг нәтижесі.
АЗЕРТАДЖ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, үздік бестікте Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания) және Антверпен (Бельгия) бар.
Сарапшылар қалаларды алты негізгі критерий бойынша бағалаған:
Жалпы әл-ауқат (білім беру, мемлекеттік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету);
Басқару (азаматтардың қатысуы, ашық деректерге қолжетімділік, электронды қызметтер);
Экология (жасыл аймақтар, ауаның сапасы, қалдықтарды өңдеу деңгейі);
Экономика (ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі);
Денсаулық (медициналық қызметтер, психикалық денсаулық, жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерім);
Көлік жүйесі (тасымал сапасы, бағасы, жол-көлік оқиғаларының саны).
Әр қала осы критерийлер бойынша бағаланып, ұпай жинаған. Жиналған ұпайлар бойынша қалалар үш санатқа бөлінді: Golden Happiest, Silver, және Bronze. Жалпы рейтингке 200 қала енген.
Айта кетелік Қазақстандағы ең лас қалалардың антирейтингі жарияланған болатын.