Рейтингте осымен екінші жыл бірінші орында Дания астанасы Копенгаген келе жатыр. Сарапшылар қаланың көптеген құндылықтарымен қатар оның атмосферасының либеральдығын, қызықты сәулетін және қоғамдық көліктер жұмысының жайлылығын атап өтуде.
Ал рейтингтің екінші орны Токиоға бұйырса, үздік үштікті Мельбурн тұйықтап тұр. Төртінші орында - Стокгольм. Аталған тізімге өмір сүруге барынша жайлы әлемнің 25 қаласы кіріп отыр.
Әлемнің өмір сүруге жайлы үздік қалаларын анықтауда қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім алу мүмкіншілігі, экология және бизнес жүргізу қарапайымдылығы сынды көрсеткіштер бағаланады.