Бұл туралы ТАСС Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы ма жоқ әлде тауарлы пойыз ба, әзірге айтылмай отыр.
Amtrak теміржол компаниясы бұл келеңсіз жағдайдан хабардар және оқиғаның жай-жапсарын кейінірек хабарлауға уәде берді.
«Біз нөмірі 501 Amtrak пойызында болған бұл оқыс оқиғаны білеміз. Қосымша деректер түскен бойда хабарлайтын боламыз»,- делінген компания Twitterінде.