Көпірден құлап, аман қалды
06:20, 22 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу тұрғыны Фрунзенская жағалауындағы Андреевский көпірінде жаяу жүргіншілерге жасалған қоршаудан құлап кетті.
Бұл туралы "Интерфаксқа" жедел қызметтегі дерекөз хабарлаған.
Оның айтуынша, бейсенбі күні кешқұрым Андреевский көпірінің жоғары жақ бөлігінен бір адам құлаған. Қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккен жанға көмектесуде. ІІМ Мәскеу бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі «Интерфаксқа» адамның көпірден құлау оқиғасын растаған, бірақ жан-жақты ақпарат беруден бас тартты.