Көпқабатты үй тұрғындарының Алматы метросына шағымы: Тексеріс аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары вибрациядан баспаналары қирап жатқанына шағымданды. Олардың пайымынша, бұған себеп - метроның жақын орналасуы. Бүгін қалалық «Метрополитен» МКК бұл шағымға қатысты тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар жерасты шуы мен тербелістің аталған үйдің конструкциясына қаншалықты әсер етіп жатқанын тексерді. Оның барысында тұрғындардың көрсеткен ақаулары үйдің шығыс жағында орналасқаны анықталды. Бұл, метрополитеннің техникалық зонасынан тыс орналасқан.

Сонымен қатар, метро сызығында орналасқан ғимараттардың көрсеткіші тексерілді.

«Бұл өлшемдер 1993 жылдан бері маркшейдерлік құжаттар реестрінде тіркеулі. Осы уақытқа дейін ауытқу тіркелмеді. Тұрғындардың шағымына келсек, бұл үйде шу мен дірілдің көрсеткіші де қалыпты», - деді «Метрополитен» МКК баспасөз қызметінен.