Көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршінді көшеде кетіп бара жатқан адам қағып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тюмень қаласында алты жасар қыз бала Широтная көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтер терезесінен құлап кеткен.

Жергілікті ІІМБ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, терезеден құлаған қыз баланы сол кезде астында кетіп бара жатқан ер адам ұстап, өлімнен аман алып қалған.

Оқиға орнына №1 полиция бөлімінің тергеу тобы келіп жетті. Олар баланың дін аман екенін хабарлады.