Көппәтерлі тұрғын үйлерге ортақ жылу есептеу аспабын орнату әлі де проблемалық мәселе болуда - М.Оспанов

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Көппәтерлі тұрғын үйлерге ортақ жылу есептеу аспабын орнату әлі де проблемалық мәселе болуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

«Ортақ жылуды есептеу құралдарын көппәтерлі үйлерде орнату әлі де проблемалық мәселе болып отыр», - деді ол.

Дегенмен оның атап өтуінше, ағымдағы жылы монополистердің есебінен оларды орнатудың баламалы тетігі енгізілген. Нәтижесінде аталған аспаптарды орнату деңгейі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11, ал 2011 жылмен салыстырғанда 18 пайызға жақсарған.